Кездесу денсаулық пен сұлулықтың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі — дұрыс тамақтану тақырыбына арналды. Студенттер дұрыс әрі теңгерімді тамақтанудың негізгі қағидаларымен танысып, пайдалы тағамдардың адам ағзасы үшін маңызы және дұрыс тамақтанудың түрлі аурулардың алдын алудағы рөлі туралы ақпарат алды.
Іс-шара барысында студенттер дұрыс тамақтану мәдениетіне қатысты сауалнамаға қатысты. Сауалнама олардың өздерінің тамақтану әдеттері туралы ойлануына және денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсінуіне мүмкіндік берді.
Болашақ медицина мамандары сұлулықтың денсаулықпен тығыз байланысты екенін, ал денсаулықтың көбіне өмір салты мен күнделікті таңдауға тәуелді екенін жақсы түсінеді. Қатысушылар өздері үшін көптеген пайдалы әрі маңызды ақпарат алғандарын атап өтті.
Іс-шара танымды әрі қызықты өтті. Кездесу студенттерге дұрыс тамақтану — жай ғана әдет емес, денсаулықты сақтаудың, сұлулық пен ұзақ өмір сүрудің маңызды кепілі екенін тағы бір мәрте ұғындырды.



