2026 жылғы 14 сәуірде Оқушылар сарайының концерт залында «WorldSkills Pavlodar – 2026» өңірлік конкурсының салтанатты ашылу рәсімі, сондай-ақ «Мамандықтар әлемі» кәсіптік бағдар беру алаңы өтті

Аталған іс-шараға колледждің оқытушылары мен студенттері қатысып, өздерінің практикалық дағдылары мен кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті. Алаң аясында мейіргерлік іс бойынша манипуляциялар, жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жүргізу, сондай-ақ науқастарға шұғыл көмек көрсету үшін Геймлих әдісі және т.б. көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылар мектеп оқушыларымен белсенді түрде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық брошюралар таратып, медициналық мамандықтардың ерекшеліктерімен таныстырды.

Қосымша жаңалықтар