Іс-шараның мақсаты — жас педагогтердің бейімделуіне жәрдемдесу, әкімшілікпен өзара ынтымақтастығын нығайту және кәсіби дамуына қолдау көрсету. Кездесу әкімшілікпен танысуға, педагогтік қызметтегі алғашқы қадамдарды талқылауға және бейімделу кезеңінде қолдау алуға мүмкіндік берді.
Кездесуді директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.З. Байгульжина өткізді. Ол педагогтің студенттер өміріндегі рөлі, жас мамандардың жауапкершілігі және олардың кәсіби даму мүмкіндіктері туралы айтып өтті.
Жас оқытушылар өздерін таныстырып, ойларымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Ашық әңгіме барысында қатысушылар оқу үдерісін ұйымдастыру, тәрбие жұмысы және колледждің күнделікті қызметіне қатысты мәселелерді талқылады.



