2026 жылғы 2 маусымда Павлодар медициналық жоғары колледжінде «Салауатты болашақ» жазғы бейіндік медициналық лагері өз жұмысын бастады.

Алғашқы қатысушылар №14 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары болды. Олар «Гигиена және денсаулық» және «Жарақаттар, күйіктер мен қан кету кезіндегі алғашқы көмек» тақырыптарындағы сабақтарға қатысты. Сабақ алдында оқушыларға колледждің практикалық корпусы мен кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды.