2026 жылғы 21 сәуірде Павлодар медициналық жоғары колледжінің акт залында «Жолдағы жасырын қауіптер. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік» тақырыбында түсіндіру дәрісі өткізілді

Іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және жолда қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған.
Дәрісті өткізгендер:
Павлодар қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторы, полицияның аға лейтенанты Мейрамғазы Ж.Қ.;
полицияның кіші лейтенанты Хисматуллин Т.И.;
Павлодар қаласы Полиция басқармасының Солтүстік полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздікті ұйымдастыру бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Коровин В.А.