2026 жылғы 29 маусымда оқу жылының қорытындыларын шығару және педагогтерді салтанатты түрде ұлықтауға арналған «ҮЗДІК САПА» атты қорытынды оқу-әдістемелік конференция өтті.

Іс-шараның жарқын бастамасы ретінде колледж оқытушыларының қызыл кілеммен салтанатты шеруі ұйымдастырылып, оның барысында колледждің барлық циклдік әдістемелік комиссиялары таныстырылды. Бұл символдық сәт педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігі мен колледждің корпоративтік мәдениетін айшықтай түсті.

Шеру барысында педагогтер экспресс-сұхбатқа қатысып, аяқталып отырған оқу жылының ең маңызды оқиғаларымен бөлісті, қол жеткізген жетістіктері туралы айтып, әріптестеріне ізгі тілектерін білдірді.