2026 жылғы 9 маусымда «Салауатты болашақ» бейіндік медициналық лагері аясында №14 ЖОББМ оқушылары үшін «Ауыз қуысының гигиенасы» тақырыбында тәжірибелік сабақ өтті. Арнайы пәндер оқытушысы Бенке О.А. жетекшілігімен оқушылар стоматологиялық аурулардың алдын алу жолдарымен танысып, тістерді дұрыс тазалау техникасын тәжірибе жүзінде меңгерді.



