2026 жылдың 1 қыркүйегінде колледжде жаңа оқу жылының басталуына арналған «Білім күні» мерекелік шарасы өтті

1-курс студенттері үшін салтанатты жиын өткізіліп, жиын барысында оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Байгульжина Ж.З. студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға оқуда табыс, биік жетістіктер, білімге деген ұмтылыс және кәсіби дамуға сәттілік тіледі.
Одан әрі «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында кураторлық сағаттары ұйымдастырылды.
Кураторлық сағаттары барысында студенттер Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі құндылықтарын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық пен заңды құрметтеу қағидаттарын, сондай-ақ экологиялық мәдениеттің маңызын талқылады.
Білім алушылардың саналы таңдауына, оқу мен еңбекке деген жауапкершілігіне, сондай-ақ болашақ маманның қоғам алдындағы кәсіби жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Бұл іс-шара студенттердің бойында белсенді азаматтық ұстанымды, құқықтық және экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызды қадам болды.