22 қазан күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Колледж директоры Айтқазы Нұрғазинович Жапарбеков құттықтау сөз сөйлеп, бұл мерекенің ел өміріндегі маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол ұжымға адал еңбегі, кәсіби шеберлігі және медициналық білім беруді дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

Мереке қарсаңында колледж қызметкерлері келесі марапаттарға ие болды:

* Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталары;

* Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттары;

* Павлодар облыстық «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамоталары;

* Павлодар медициналық жоғары колледжінің Құрмет грамоталары.

Сондай-ақ «SENIM» салалық кәсіптік одағының «Үздік» төсбелгісімен Сидоров Николай Николаевич марапатталды.