🌷 8 наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара 🌷

Біздің «Студенттер үйі» жатақханасында Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне арналған жарқын әрі әсерлі іс-шара өтті.

Жігіттер қыздарға жағымды тосынсый дайындап, жылы лебіздері мен шынайы тілектерін арнап, мерекелік бағдарлама ұсынды.

Кеш барысында қыздар арасында байқау өткізіліп, қатысушылар өз таланттарын, креативтілігін және өнерлерін көрсете білді. Іс-шара барысында жылы атмосфера қалыптасып, достық көңіл-күй, күлкі мен қолдау сезілді.

Сонымен қатар көңілді ойындар ұйымдастырылып, мерекенің сәнін келтірген музыкалық номер ұсынылды.

Іс-шара барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бір-біріне деген құрметтің, мейірімділік пен қамқорлықтың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Көктемнің, сұлулық пен нәзіктіктің мерекесі құтты болсын! 💐✨