Алдын алушылық кездесу

2026 жылғы 18 қыркүйек күні Колледжде білім алушылармен Павлодар облысы ПД

ҰҚҚБ /Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы/ жедел

уәкілі, полиция капитаны Д.Қ. Сабыровтың қатысуымен алдын алушылық кездесу өтті.

Полиция қызметкері жасөспірімдер мен жастар үшін өзекті әрі қауіпті мәселелерге жан-

жақты тоқталды:

 «Дропперлер» (қаржылық алаяқтар) мәселесі: өздерінің банк карталарын,

деректемелерін немесе мобильді банкингке кіру мүмкіндігін үшінші тұлғаларға берудің

қаншалықты қауіпті екені түсіндірілді. Заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға

айналдыруға және аударуға қатысу ауыр қылмыстарға ортақтасуға әкелетіні айтылды.

 «Закладка» арқылы есірткі таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік:

есірткі заттарын таратқаны үшін қолданылатын жаза шаралары түсіндірілді. Тәжірибеден

алынған нақты мысалдар арқылы интернеттегі «оңай ақшаға» қызығушылықтың жастардың

өмірін қалай бұзатыны және оның ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына әкелуі

мүмкін екені көрсетілді.

 Буллинг пен кибербуллингке қарсы іс-қимыл: студенттік ортадағы жағымды

ахуалға ерекше назар аударылды. Құрдастарын қорлағаны, әлеуметтік желілерде тіл тигізгені

және беделіне нұқсан келтіретін ақпарат таратқаны үшін заңдық және психологиялық

жауапкершілік туралы айтылды.

Кездесу барысында өмірден алынған нақты мысалдар келтіріліп, ойланбай жасалған

әрекеттердің құқықтық салдары түсіндірілді.

Колледж әкімшілігі ескертеді: заңды білу және сыни тұрғыдан ойлау — ойланбай

жасалған әрекеттерден сақтанудың ең тиімді жолы.