2026 жылғы 17 ақпанда арнайы пәндер оқытушысы Ахитова Б.М. санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығы аясында «Түлектердің ментормен кездесуі» атты аудиториядан тыс іс-шара өткізді.
Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: жұмыс берушілердің кәсіби талаптарына сәйкес келетін түлек моделін қалыптастыру, сонымен бірге түлектерді жұмысқа орналастыру және жұмыс орындарында одан әрі бейімдеу бойынша білім беру ұйымы мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыру. Шақырылған қонақ: Айғазинов Марат Ануарбекұлы – ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы. Айғазинов М.А. өзі таныстырған мекеменің қызметі, мансаптық өсу мүмкіндіктері, біліктілікті арттыру туралы айтып өтті.…