«Студенттер үйі» жатақханасында студенттермен профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Павлодар қаласы ПБ УИП СОБ СОП полиция майоры Қалқамбеков Е.Д. және полиция аға лейтенанты Коровин В.А. қатысты

Кездесу барысында студенттерге қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері және оларды бұзған жағдайда қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Әсіресе қоғамдық орындарда темекі шегуге және балағат сөздер айтуға жол берілмейтіні айтылды. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік пен айыппұл қарастырылғаны түсіндірілді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері студенттерге дропперлік туралы, заңсыз қаржылық схемаларға қатысудың қауіптілігі және оның салдары туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың әрекет ету тәсілдері және өздерін алаяқтықтан қорғау жолдары туралы да айтылды.

Осындай профилактикалық кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдағы жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.

Қосымша жаңалықтар