Мереке қарсаңында және Қазақстан Республикасының күніне арналған онкүндік аясында колледжде дәстүрлі бауырсақ тарату іс-шарасы өтті.
Домбыра күйлері мен патриоттық әндер сүйемелдеуімен мерекелік атмосфера қалыптасты.
Бауырсақпен колледж студенттері мен қызметкерлеріне дәм тартылды. Мерекелік атмосфера барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй, бірлік сезімі мен халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлеріне деген мақтаныш сыйлады.
Іс-шара Республика күніне арналған онкүндіктің жарқын толықтыруы болып, патриотизм рухы мен ұжымның бірлігін нығайтуға ықпал етті.



