Қазақстан Республикасының күніне арналған онкүндік аясында 2026 жылы 22 қазанда «Стоматология», «Акушерлік іс» және «Емдеу ісі» мамандықтарының 1-топ студенттері арасында «Тарих білгірлері» викторинасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің еліміздің тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы туралы білімдерін тереңдету, патриотизм мен ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін тәрбиелеу.
Викторина командалық жарыс форматында өтіп, Қазақстан тарихының негізгі оқиғалары, маңызды даталар мен тарихи тұлғалар туралы сұрақтарды қамтыды. Студенттер белсенді қатысып, эрудиция, логикалық ойлау және командалық рухтарын көрсетті.
Іс-шара жылы және танымдық атмосферада өтіп, жастардың туған ел тарихына деген қызығушылығын нығайтуға ықпал етті.



