2026 жылғы 10 наурызда клиникалық пәндер ЦӘК №3 пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Бакирова К.Г. «Қол тазалығы бойынша практикум» атты флешмоб өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі №151 бұйрығы талаптарын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – студенттерде қолды гигиеналық өңдеудің заманауи стандарттарына сәйкес дұрыс дағдыларын қалыптастыру және бекіту болды.
Практикум барысында қатысушыларға қол гигиенасының негізгі қағидалары таныстырылып, қолды антисептикалық құралдармен өңдеу техникасы көрсетілді және оны жүргізудің негізгі көрсеткіштері түсіндірілді. Іс-шара интерактивті форматта өтті, бұл студенттерге теориялық білімдерін жаңғыртып қана қоймай, санитариялық-эпидемиологиялық режим талаптарын сақтау бойынша практикалық дағдыларын бекітуге мүмкіндік берді.


