Биылғы жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында 2026 жылы оқитын кітап ретінде көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» кітабы таңдалып, 2026 жылы бүкіл ел осы туындыны бірге оқитын болды.

Павлодар медициналық жоғары колледж кітапханасы бұл акция кітаптарын жылда білім алушыларға насихаттап келеді.
2026 жылдың 16 наурызы күні колледж оқу залында «Қаламгер мұрасы – ұрпаққа аманат» Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған әдеби кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің арнайы қонағы ретінде қаламгердің ұлы – Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы Арман Қабдешұлы Жұмәділ болды. Кездесу онлайн форматта өтті. Кездесуге қатысқан бірінші курс студенттері
«Тағдыр» кітабынан үзінді келтіріп, қонаққа өз сауалдарын қойды. Кездесу қашықтыққа қарамастан қатысушыларға түрткі болатын мағыналы ой туындатып, әсерлі әңгіме желісінен жақсы сезім қалдырды.