Еңбек адамының беделін арттыру және кәсіптерді насихаттау мақсатында Колледжде «Сенің болашақ мамандығың: еңбекке құрмет» атты кәсіптік бағдар беру бағытында сынып сағаттарының сериясы өткізілді

 

Кәсіптегі шынайы жетістік қызмет атауының әдемілігімен емес, кәсіби шеберлікпен, өз ісіне деген адалдықпен және үнемі дамуымен қалыптасады. Дәл осы ой барлық кездесулердің негізгі өзегіне айналып, мынадай басты қорытындымен түйінделді: «Мамандықты емес, кәсіби маманды құрметтейді.

Адал еңбектің бәрі құрметке лайық!» Студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісіп, оларды болашақ мамандығына шабыттандыру үшін арнайы қонақтар шақырылды:

Нұрғалиева Ляззат Төлеуовна – 30 жылдан астам еңбек өтілі бар дәрігер-терапевт, сарапшы;

Иванова Наталья Владимировна – фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы;

Кушлак Ольга Леонидовна – «Өмір-ПВ» мекемесінің аға мейірбикесі.

Қонақтар студенттерге өздерінің кәсіби жолдары, еңбек тәжірибелері мен мамандықтарының ерекшеліктері туралы айтып, өз ісінің нағыз маманы болудың маңыздылығын атап өтті.