Осы мамандық бойынша оқу мерзімі — 2 жыл 10 айды құрайды. Қабылдау 11-сынып базасында жүргізіледі. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер ауруханаларда, емханаларда, жедел медициналық көмек қызметінде, фельдшерлік-акушерлік пункттерде, сондай-ақ басқа да медициналық және әлеуметтік мекемелерде жұмыс істей алады.


