«Колледжден жұмыс орнына дейін» Тақырыбындағы студенттер мен жұмыс берушілердің кездесуі

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру күніне арналған іс-

шаралар аясында Медициналық колледжде студенттердің медициналық ұйымдардың

өкілдерімен және әлеуетті жұмыс берушілермен «Колледжден жұмыс орнына дейін»

тақырыбында кездесуі өтті.

Кездесу барысында денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері студенттерге медицина

мамандары жұмысының ерекшеліктері, сұранысқа ие бағыттары, жас мамандарға

қойылатын талаптар, өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері және одан әрі жұмысқа

орналасу перспективалары туралы айтып берді.

«Колледжден жұмыс орнына дейін» жобасы — студенттердің кәсіби болашағын

қалыптастыруға және білім беру жүйесі мен практикалық денсаулық сақтау саласы

арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.