Павлодар медициналық жоғары колледжінің 1-3 курс студенттері үшін емдеу-алдын алушылық мекемелердің әртүрлі бейінді бөлімшелеріне: қабылдау бөлімшелеріне, заманауи зертханаларға, операциялық блоктарға және күндізгі стационарларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Білім алушылар емдеу-диагностикалық үдерістің ұйымдастырылуын өз көздерімен көріп қана қоймай, ауруханалардың тарихы, сондай-ақ жетекші мамандардан әрбір бөлімше жұмысының ерекшелігі туралы біле алды.
Экскурсиялар кезінде медициналық этика мен деонтология ережелеріне, сондай-ақ кез келген медициналық ұйымда қауіпсіздік пен кәсібиліктің негізі болып табылатын санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтауға ерекше назар аударылды.

