Орта буын медицина қызметкерлері арасында «Медицина үздігі» облыстық кәсіби шеберлік байқауы

Павлодар облыстық филиалы РҚБ «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы «SENIM», Павлодар облысының «Саламатты Павлодар» медициналық қауымдастығы» ҚБ және «Павлодар медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК Меморандумы мен Кешенді жоспарына сәйкес, Халықаралық мейіргер күніне орай «Павлодар медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК базасында орта буын медицина қызметкерлері арасында «Медицина үздігі» атты облыстық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

* «Стационарлық қызметтің үздік мейіргері»;

* «Амбулаториялық-емханалық қызметтің үздік мейіргері»;

* «Кеңейтілген практикадағы үздік мейіргер»;

* «Үздік фельдшер»;

* «Үздік акушер»;

* «Үздік лаборант»;

* «Ауылдық денсаулық сақтау жүйесінің үздік орта буын медицина қызметкері».

Ұсынылған номинацияларға сәйкес байқауға 9 үміткер қатысты.

Бірінші кезеңде қатысушылар кешенді компьютерлік тестілеуден өтіп, өздерінің теориялық білімдерінің деңгейін көрсетті. Екінші кезең практикалық дағдыларды көрсетуге арналды.

Тестілеу нәтижелері, практикалық дағдыларды бағалау және ұсынылған байқау материалдары негізінде қазылар алқасы белгіленген критерийлерге сәйкес жеңімпаздарды анықтайды. Марапаттау рәсімі 2026 жылғы 12 мамырда Халықаралық мейіргер күні аясында салтанатты түрде өтеді.