Педагог-психолог Аммри З. С. ата-аналардың эмоционалдық жағдайы, шаршаудың себептері және ішкі ресурсты қалпына келтіру жолдары туралы айтып өтті.
Кездесу барысында қатысушылар:
* ата-аналардың эмоционалдық және физикалық шаршау себептерін талқылады;
* күйзелісті жеңілдетуге және күш-қуатты қалпына келтіруге бағытталған практикалық жаттығулар орындады;
* өзіне қамқорлық жасаудың және жақын адамдардың қолдауының маңыздылығы туралы әңгімелесті;
* өз ойлары мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесудің негізгі ойы: отбасына қамқорлық жасау маңызды, бірақ өзіңе қамқорлық жасау да — жақындарыңа деген қамқорлықтың бір бөлігі.
Әр отбасында түсіністік, қолдау, жылулық және бір-біріне уақыт бөлу көп болсын!

