Кездесу барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның балаға тигізетін салдары талқыланды. Ата-аналарға тақырыптық бейнематериалдар көрсетіліп, белсенді пікір алмасу жүргізілді.
Іс-шарада балалардың отбасындағы қауіпсіздігіне, қолдау мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

