Іс-шараға денсаулық сақтау саласының өкілдері, ардагерлер, медицина қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Ербатырович Кучуков құттықтау сөз арнап, медицина қызметкерлеріне кәсіби мерекеге орай ізгі тілегін білдірді.
Салтанатты жиын барысында медицина қызметкерлеріне «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ», «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» медальдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.
Сонымен қатар, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Салтанат Шайкенқызы Тулегенова кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі мен көп жылғы адал еңбегі үшін «Республикалық қоғамдық бірлестігінің ҮЗДІГІ» төсбелгілерін табыстады.
«МЕДИЦИНА ҮЗДІГІ – 2026» кәсіби шеберлік байқауы аясында үздік медицина қызметкерлері түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Іс-шара барысында әріптестер мен ардагерлер Әлия Жәкенқызы Сабырханованың өңірдегі медициналық білім беру мен мейіргер ісін дамытуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.
Павлодар медициналық жоғары колледжінде Халықаралық мейіргерлер күніне және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мен білім беру саласының үздігі, Павлодар облыстық мейіргерлер қауымдастығының негізін қалаушы, көрнекті педагог әрі білікті басшы Әлия Жәкенқызы Сабырханованың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.




