Павлодар медициналық жоғары колледжінде Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өтті.

Студенттер мен колледж ұжымын келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Байгульжина Жазира Забировна құттықтап,денсаулық,оқуда және жұмыста табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Төрт бөлімше қазақ халқының салт-дәстүрлерін таныстырды.
«Стоматология», «Фармация» және «Зертханалық диагностика»мамандықтарының студенттері қазақ халқының қуанышты хабарды жеткізу дәстүрі — «Сүйінші»рәсімін ұсынды.
«Емдеу ісі”, “Акушерлік іс” мамандықтарының студенттері қазақ халқының қонақжайлылық пен көршілік татулық дәстүрін таныстыратын — «Ерулік» рәсімін көрсетті.
«Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»
мамандықтарының білім алушылары «Қонақ кәде» дәстүрін ұсынды.
«Мейіргер ісі», қазақ халқының көркем дәстүрлерінің бірі — «Тоқымқағар» дәстүрімен таныстырды.

Мереке жарқын әрі әсерлі өтті!