Передня К.С.-тің ашық сабағы

2026 жылғы 11 наурызда клиникалық пәндер №3 ЦӘК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Передня К.С. «Реанимация без паники: алғашқы көмек бойынша практикалық workshop» атты оқыту семинар-тренингін өткізді. Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету барысында студенттердің практикалық білімдері мен дағдыларының деңгейін арттыру. Семинар барысында қатысушылар жүрек пен тыныс алудың кенеттен тоқтауы кезінде әрекет етудің негізгі алгоритмдерімен танысып, медицина қызметкерлері келгенге дейін уақытылы әрі дұрыс әрекет етудің маңыздылығын талқылады. Тренингтің практикалық бөлімі жүрек-өкпе реанимациясы (ЖӨР) дағдыларын пысықтауға арналды. Студенттер кеуде қуысына компрессия жасау, жасанды тыныс алдыру әдістерін орындауды, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету кезіндегі әрекеттердің реттілігін, сондай-ақ ес-түссіз жатқан адамның жағдайын бағалау алгоритмін үйренді. Ерекше назар қолдың дұрыс орналасуына, компрессияның тереңдігі мен ырғағына, әрекеттерді үйлестіруге және командалық жұмысқа аударылды. Өткізілген workshop студенттерге теориялық білімдерін бекітіп, адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқара алатын құнды практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік берді.