9 қыркүйек күні «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 1-курс білім алушыларының Солтүстік полиция бөлімінің ювеналды полиция аға инспекторы, полиция подполковнигі Г.Н.Рахимгожинамен кездесуі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жастардың заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Кездесу барысында білім алушылар қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікті сақтаудың өзекті мәселелерімен танысты. Қоғамдық орындарда және ақпараттық кеңістікте қауіпсіз жүріс-тұрыс мәселелеріне, сондай-ақ жастар арасында құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға ерекше назар аударылды.
Заңды білу – тек міндет қана емес, сонымен қатар өзіңді және айналаңдағы адамдарды қорғаудың мүмкіндігі.

