Сабақтың мақсаты – студенттердің жүрек-қантамыр жүйесінің жалпы анатомиясы мен қызметі туралы білімдерін қалыптастыру. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында Пироговтың интерактивті үстелі, Wayground (Quizizz), Padlet цифрлық платформалары және QR-кодтар сияқты заманауи білім беру технологиялары қолданылды. Студенттер жүректің қан айналымы моделін зерттеп, тапсырмаларды орындауға белсенді қатысып, тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты. Сабақ интерактивті әрі танымдық форматта өтіп, студенттердің теориялық білімдерін бекітуге және практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етті.


