Сонымен қатар, Павлодар медициналық жоғары колледжі Павлодар облысының медициналық ұйымдары арасында спорттық жетістіктер бойынша I орын иеленіп, ақшалай сертификатпен марапатталды.
Өз кезегінде директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байгульжина Ж.З. Павлодар облысы медицина қызметкерлерінің «SENIM» кәсіподақ филиалының өкілдерін мерекемен құттықтап, көрсетіп отырған қолдауы мен нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да кәсіби табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

