2026 жылғы 19 маусымда Павлодар медициналық жоғары колледжінде Медицина қызметкері күні мерекесіне орай Павлодар облысы медицина қызметкерлерінің «SENIM» кәсіподақ филиалының төрайымы Тулегенова С.Ч. колледж ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған «Үздік мамандық иесі» республикалық байқауының өңірлік кезеңінде «Медициналық колледждің үздік оқытушысы» аталымы бойынша жеңімпаз атанған арнайы пәндер оқытушысы Григоренко А.Г. ақшалай сертификат табыстады.
Сонымен қатар, Павлодар медициналық жоғары колледжі Павлодар облысының медициналық ұйымдары арасында спорттық жетістіктер бойынша I орын иеленіп, ақшалай сертификатпен марапатталды. Өз кезегінде директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байгульжина Ж.З. Павлодар…