2026 жылғы 27 наурызда кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Павлодар медициналық колледжіне №39 орта мектептің оқушылары келді.

  Сапар барысында оқушылар колледждің білім беру бағыттарымен танысып, кітапхана мен арнайы пәндер кабинеттерін аралады. Әсіресе емдеу ісі, акушерлік және мейіргер ісі кабинеттеріне ерекше назар аударылып, оқушылар әр мамандықтың ерекшеліктері туралы кеңірек мәлімет алды. Экскурсия оқушылардың қызығушылығын арттырды — олардың көпшілігі болашақта осы колледждің студенті болуға ниет білдірді. Кітапханада оқушыларға оқу әдебиеттері мен электрондық медиатеканың мүмкіндіктері таныстырылды.

Continue Reading2026 жылғы 27 наурызда кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Павлодар медициналық колледжіне №39 орта мектептің оқушылары келді.