2026 жылғы 3 наурызда Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттеріне арналған акт залында «Не книжные закладки» және «Хулиганка» қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімі өтті.
Көрсетілімнен кейін ұсынылған бейнематериалдар бойынша талқылау ұйымдастырылды. Талқылауға Павлодар қаласы Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөлімі ЮПТ инспекторы, полицияның аға лейтенанты Коровин В.А. қатысты. Кездесу барысында құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік, есірткі құралдарының заңсыз айналымы, сондай-ақ жастар арасындағы буллинг пен агрессивті мінез-құлық мәселелері қарастырылды. Іс-шара білім алушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және жауапты азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталды.