2026 жылғы 26 ақпанда Медициналық жоғары колледждің акт залында «Киберқылмыс, алаяқтық және есірткі қылмыстары» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты: полиция подполковнигі Рахимгожина Г.Н., полиция капитаны Фланчева М.А., полиция лейтенанты Тулкибек А.А., полиция лейтенанты Асылова К.М. Полиция қызметкерлері білім алушыларға құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік шараларын және цифрлық ортадағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелерін түсіндірді. Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.