Салауатты өмір салтын насихаттау және оқытушылар арасында командалық рухты нығайту мақсатында 28 қаңтар күні колледжде «Қысқы экстрим» атты спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шара бағдарламасына спорттық эстафеталар мен футболдан жолдастық кездесу кірді. Жарыстар аяқталғаннан кейін колледж асханасында бірлескен шай ішу ұйымдастырылып, іс-шара қорытындылары шығарылып, оқытушыларға номинациялар бойынша дипломдар салтанатты түрде табысталды.