«Жас Сарбаз»

IMG-20181201-WA0025
IMG-20181201-WA0024
IMG-20181201-WA0022
IMG-20181201-WA0021
IMG-20181201-WA0020
IMG-20181201-WA0019

Павлодар медициналық жоғары колледжінің «Емдеу ісі» мамандығы 120 тобының студенті Шефер Артур 2018 жылдың шілде айында Қарағанды қаласында өткен Республикалық «Жас Сарбаз» атты балалар-жасөспірімдер қозғалысының жеңімпазы болып табылады. Артур Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысқан «Отан, Елбасы, Жас Сарбаз» атты мерекелік іс-шарада Павлодар облысын таныстыру құрметіне ие болды.

Мемлекет Басшысы барлық қатысушыларды жас өспірімдерге патриоттық тәрбие беру болып табылатын «Жас Сарбаз» қозғалысының басталуымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Республика жастарын «Жас Сарбаз» қозғалысына белсенді қатысуға шақырды.

«Жас сарбаз» қозғалысы еліміздің барлық аймақтарында пайда болуы тиіс. Жастар осы қозғалыстың қатарында болуы керек. Сондықтан дене шынықтырумен шұғылдану, әскери мамандықтарды меңгеру қажет. Қозғалыс Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, патриоттарды тәрбиелеу үрдісіне белсенді қатысуы тиіс. Сонда ғана Сіздер өз халқыңызға тірек бола аласыз”, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Республика Президенті барлық қатысушыларға табыстар мен жаңа жетістіктерге жетуді тіледі.