Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Оқу-әдістемелік жұмыс

Колледждегі оқу-әдістемелік жұмыс оқытушылардың білім беру үрдісі сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін шығармашылық әлуетін дамыту факторы ретінде ұстаздық шеберлігінің өсуі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

ОӘдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:

* білім беру мазмұнын жетілдіру, ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандаттары талаптарын орындауды қамтамасыз ететін білім беру технологияларын үнемі жаңартып отыру;

* оқу-әдістемелік құжаттамалар жасау және мазмұнын жаңартып отыру, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін түзету;

* сабақ беру әдістемесін жетілдіру, құзыреттілік тәсіл негізінде оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізудің тиімділігін арттыру;

* оқытудың замануи әдістері мен нысандарын, инновацияларын зерделеу және қолдану;

* білім алушылардың оқу және тәрбие ісін ұйымдастыруды жақсартуға оқытушыларға, сынып жетекшілерге, оқу-әдістемелік құрылымдардың басшыларына пәрменді көмек көрсету;

* оқу-әдістемелік құжаттамалар банкісін жасау;

* педагтгткалық ұжымның іскер және ұстаздық біліктілік деңгейін арттыру;

* колледж оқытушыларының педагогикалық жұмыс тәжірибелерін зерделеу, қорыту және қолдану.

Қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес әдістемелік жұмыс келесі қызмет бағыттары бойынша жүзеге асырылады:

1. педагогикалық кеңес, оқу-әдістемелік кеңес жұмысы

2. циклдік әдістемелік комиссиялар жұмысы

3. ұстаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру бойынша әртүрлі әдістемелік жұмыс түрлері

4. біліктілікті, ұстаздық шеберлік пен мамандардың санаттарын арттыру

5. оқу сабақтарына өзара қатысу

6. жас мамандармен және жаңадан келген ұстаздармен жұмыс.

Колледждің әдістемелік жұмысын оқу-әдістемелік кеңес бағыттап отырады, оның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

* колледждің оқу-әдістемелік қызметін жетілдіру, білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

* колледж ұстаздары мен басқа да мамандарына әдістемелік көмек көрсету;

* колледждің оқу жоспарларын жасау және түзету, ұстаздардың жұмыс бағдарламалары мен дидактикалық материалдарына сарапитама жасау;

* білім беру және тәрбие саласындағы инновацияларды зерделеу және қолдану;

* үздік педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, қорыту, насихаттау;

* ұстаздар мен білім алушылардың ғылыми-әдістемелік және шығармашылық жұмысын ұйымдастыру;

* әдістемелік мәселелер бойынша педагогикалық кеңес шешімдерін жүзеге асыру.

Колледждің әдістемелік тақырыбы

Студенттердің базалық және кәсіптік құзыреттіліктерін дамыту құралы ретінде инновациялық оқыту әдістерін қолдану

Міндеттері

* ҚР МЖБС сәйкес пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен қалыптастыру, жаңарту және жетілдіру

* Инновациялық оқыту әдістерін қолдану арқылы студенттердің сапалы үлгерімін арттыру

* Студенттердің өздік және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

* Оқытушылардың кәсіптік құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру

Колледждің әдістемелік жұмысы білім беру үрдісінің маңызды құрамды бөлігі ретінде серпінді, көп жоспарлы болып жүзеге асырылып, білім беру жүйесін дамыту, жаңарту, жетілдіру, қайта құруға, жас мамандар даярлау ісіндегі барынша үздік және инновациялық істерге арнаған өзіндік әлует болып қызмет етеді

 

Страницы: