ҚР Тәуелсіздігінің 30 – жылдығына арналған “Қарттар үйіндегі” концерт
15 желтоқсанда Павлодар медициналық жоғары колледжінің білім алушылары “Қайырымдылық” үйірмесінің волонтерлері Қарттар үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30- жылдығына арналған концерт өткізді.
Сахнадан халық әндерінің композициялары шырқалып, олардың орнын би нөмірлері басты. Залда отырғандардың барлығының көзіне жас алдырған волонтер- студенттердің хореографиялық және вокалдық дарынын ерекше атап өткім келеді. “Қайырымдылық” волонтерлер қозғалысының құрамына кіретін білім алушылар топтары: “Мейіргер ісі” мамандығы 120 тобы, “Емдеу ісі” мамандығы 110 тобы, “Зертханалық диагностика” және “Акушерлік іс” мамандықтарының 110 топтары.
“Қайырымдылық” үйірмесінің жетекшілері арнайы пәндер оқытушылары Г.А. Абдрахманова және Ж.Ж.Адылханова.