Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  тұру бойынша

жадынама

Осы жадынама жеке құрамға жемқорлық, сыбайлас жемқорлық туралы факт анықталған жағдайда іс-қимыл тәртібі, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзу және сыбайлас жемқорлық әрекетіне жәрдем беру туралы түсінік беру мақсатында  әзірленді.

 

 

 Жадынама барша азаматтарға, бірінші кезекте келесілерге  арналады:
 

  • - пара беру  ұят және масқара қылмыс деп санайтындарға;
  • - алаяқтар мен ұры-қарылардың қылмысына  көмектескісі келмейтіндерге;
  • - пара алушылардың   қара пиғылды тобы  өсіп-өнбеуі үшін   өзінің бір мезеттік мүдделерінен бас тартуға дайын адамдарға;
  • - өз елін  ұрылар мен  жемқорлардың үстемдігінен еркін болуын  көргісі келетіндерге.

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың басшылары, оның ішінде әскери бөлімдердің  командирлері (бастықтары) өз құзыреттері шегінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы  талаптарының орындалуын  қамтамасыз етуге  міндетті.

Сыбайлас жемқорлықтың ресми  түсіндірілуі 2015 жылғы  18 қарашадағы Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес былайша баяндалады:

Сыбайлас жемқорлық - заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және делауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар – бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер.
 

Егер Сізге пара ұсынса немесе Сізден пара сұраса!

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнде парақорлықпен байланысты екi қылмыс түрi қарастырылған:

  • пара алу (311-бап);
  • пара беру (312-бап).

Бұл екi қылмыс бiр жақты: егер пара туралы айтатын болсақ, бұл бiр жақта оны алушы бар (пара алушы) және екiншi жақта оны берушi бар (пара берушi).

Пара алу — бұл ең қауiптi лауазымды қылмыстардың бiрi, әсiресе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қорқытып алу жолдарымен жасалса, лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нәтижесi бойынша артықшылық алуы және пайдасына жасалуы табылады.

Пара беру — лауазымды адамды қандайда бiр артықшылық алуы және пайдасына заңды немесе заңсыз әрекетi (әрекетсiздiгi) арқылы, жалпы қамқорлығына немесе қызметiне жол берушiлiкке бейiмдеуге бағытталған қылмыс.
 

Пара болуы мүмкiн:
Заттарға — ақша, оның iшiнде валюта, банктiк чектер және бағалы қағаздар, құнды метталдан және тастардан жасалған бұйымдар, автокөлiктер, азық-түлiктер, бейнетехника, тұрмыстық пайдалануға қажеттi тауарлар, пәтерлер, саяжайлар, қала сыртындағы үйлер, гараждар, жер телiмдерi және басқа жылжымайтын мүлiктер.

 

Қызмет көрсету және пайда — ем қаблдау, жөндеу және құрылыс жұмыстары, шипажайға және түристiк жолдама, шетел сапарын төлеу, ойын-сауық және басқа шығындарды төлеу, тегiн немесе кемiтiлген бағамен беру.

Бүркемеленген пара түрi — банктiк көмек несиесiн қарызға алу немесе жоқ несиенi өтеу, тауарларды төлеу, тауарларды төмен бағамен сатып алу, тауарларды ең жоғарғы бағамен сатып алу, жалған еңбек шартын жасап жемқорға, оның туыстарына, достарына еңбек ақы төлеу, жеңiл несие алу, дәрiс беру, мақалалар және кiтаптар үшiн қаламақыны аса көтеру, ойынханадағы «кездейсоқ» ұтыстар, жалдау ақысын жеңiлдету, несие мөлшерiнiң пайызын көбейту және т.с.с.
 

Пара алғаны үшiн кiм қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн?
Пара алушы — болып мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген немесе оған теңестiрiлген лауазымды адам табылады.

 

Жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар — мемлекеттiң мiндеттерi мен мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей атқару үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген қызметтердi атқаратын адамдар.
 

Сатып алу ұғымы
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлiк беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы заңсыз қызмет көрсету — Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде (231-бап) коммерциялық сатып алу деп аталады.
 
Парақорлық және коммерциялық сатып алуы үшiн жаза
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнде пара алу пара беруге қарағанда қоғамға қауiптi әрекет болып қарастырылады.

 

- пара алу ( 311бап);

Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның, өзi немесе делдал арқылы пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде пара алуы, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса не ол қызметтiк жағдайына байланысты осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол берсе, — жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егер қылмысты мемлекеттiк лауазымды атқарушы адамның жасауы, сол сияқты заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiгi) үшiн пара алуы — жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егер қылмысты адамдар тобы алдын ала сөз байласып, қорқытып алу жолымен, iрi мөлшерде, әлденше рет жасалса — мүлкiн тәркiлеп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Пара беру ( 312 бап).

Егер пара лауазымды адамға тiкелей немесе делдал арқылы берiлсе — жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егер пара лауазымды адамға заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасауы үшiн берсе — бiр мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адамға пара беру — мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Пара алу немесе делдал арқылы  сатып алу

Параны көп жағдайларда — бағынысты қызметкерлерi, жеке кәсiпкерлері, делдал фирманың жұмыскерлерi арқылы алады және бередi, бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнде делдалдық болып қарастырылады.

Коммерциялық сатып алу — бағынысты қызметкерлерi, бизнестегi серiктесi, арнайы жалданған адамдар делдал арқылы болуы мүмкiн, бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнде делдалдық болып қарастырылады.

Пара тiклелей берiлуi мүмкiн («егер мәселе бiздiң пайдаға шешiлетiн болса, онда … аласыз»), сондай-ақ жанама түрде берiлуi мүмкiн.

Пара берген немесе коммерциялық жолмен сатып алған азамат жауапкершiліктен мына жағдайда босатылады, егер:

  • қорқытып алу фактiсi анықталғанда;
  • азамат өз еркiмен iстеген әрекетiн құқық қорғау органдарына хабарласа.

Қорқытып пара алу немесе коммерциялық сатып алу фактiсi туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнде қылмыс ретiнде қарастырылады және алты жылға бас бостандығынан айыруға жазаланады. (351-бап).

Пара тiклелей берiлуi мүмкiн («егер мәселе бiздiң пайдаға шешiлетiн болса, онда … аласыз»), сондай-ақ жанама түрде берiлуi мүмкiн.

 

ПАРА ҰСЫНУДЫҢ

КЕЙБІР ЖАНАМА БЕЛГІЛЕРІ:

 

1. Пара алуы мүмкін туралы әңгіме астарлы сипатта болады, пара беруші туралы сөз бір жақты пікір, ашық айтып көрсетілмейтін арыз, даулы мәселелерді дұрыс шешу кезінде ол оған ақша береді немесе қандайда бір қызмет көрсетеді, ешқандай «қауіпті» мәнерге жол бермейді.

2. Әңгімелесу барысында куәгерлер немесе аудио, бейнетехникалар болған жағдайда пара беруші бұл мәселені басқа жағдайда (басқа уақытта, басқа жерде) талқылауға дайын екендігін қолмен немесе ымдау арқылы жеткізеді.

3. Параның соммасын немесе сипатын дыбыстай алмағанда, қағаз бетіне сәйкес цифрларды жазу арқылы немесе калькуляторға немесе компьютерге цифрлар санын теру арқылы ықтимал пара алушыға көрсету.

4. Пара алушы кенеттен әңгімесін үзіп мағлұматтар салынған папканы, конвертті, портфелды, оралған затты қалдырып сыпайы түрде бөлмеден (жайдан) шығып кетуі.

5. Пара беруші өзіне тікелей байланысты емес мәселелерді дұрыс шешу үшін басқа адамның ұсынысына жүгінуі мүмкін.

 

ПАРА ҰСЫНУ НЕМЕСЕ ҚОРҚЫТЫП АЛУ ЖАҒДАЙЫ КЕЗІНДЕГІ

СІЗДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІҢІЗ

 

- өзін өте мұқият ұстау, сыпайы, жағымпазданбай, аңғырт пікірлерге жол бермей, пара беруші (параны қорқытып алушы) оны пара алуға дайын екендігі туралы ұғынбауға жол бермеу немесе пара алудан (беруден) үзілді-кесілді бас тарту;

- Сізге айтылған ұсыныстарды зейін салып тыңдап, айнытпай есте сақтауға (сомма мөлшері, тауардың атауы және қызмет түрі, мерзімі және параны беру тәсілі, комерциялық сатып алу түрі, мәселені жүйелі шешу);

- пара беру уақытын және орны туралы мәселелерді келесі әңгімеге дейін қалдыруға тырысу және келесі кездесуге Сізге жақсы таныс жерді ұсыныңыз;

- әңгімелесу кезінде бастаманы өзіңізге алмаңыз, көбінесе «тыңдаңыз», ықтимал пара алушыны (пара берушіні) «сөйлетіңіз», Сізге көп мағлұматтарды айтқызуға тырысыңыз;

- егер Сізде жазу құралы диктафон болған жағдайда пара ұсыну немесе оны қорқытып алу жағдайын (білдіртпей) жазып алыңыз.

 

ПАРАНЫ ҰСЫНУ НЕМЕСЕ ҚОРҚЫТЫП АЛУ ФАКТІСІ БОЛҒАННАН КЕЙІН

 СІЗ ҚАНДАЙ ШАРА ҚОЛДАНУЫҢЫЗ ҚАЖЕТ?

 

1. Аталған факті туралы гарнизонның әскери полиция органдарына, жергілікті әскери прокуратура органдарына (азаматтық тұлғаларға – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентігіне, облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне) хабарлаңыз.

2. Дайындалып жатқан қылмыс туралы жергілікті құқық қорғау органдарына ауызша немесе жазбаша түрде арыздану. Жергілікті билік органдары өкілдері (әкімшілік аппараты), құқық қорғау  органдары мен  басқа да  мемлекеттік  мекемелер тарапынан пара ұсыну немесе қорқытып алу жағдайларында, Сіз тікелей құқық қорғау қызметкерлеріне, немесе мемлекеттік мекемелердің немесе осы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері жөніндегі қызметтік қауіпсіздік бөлімшелеріне олардың қызметкерлеріне қатысты арыздану.

3. Құқық қорғау органдары басшыларына қабылдауына жазылып, онда Сізге пара ұсыну немесе қорқытып алу жөнінде арыздануыңызға болады.

4. Сізге пара ұсыну немесе қорқытып алу фактісі жөнінде арызданып, онда нақты көрсетуге тиіссіз:

  •  қай лауазымды адам (мекеменің атауын, лауазымын, аты жөнін, әкесінің аты -жөнін тегін) Сізге пара ұсынғанын немесе қорқытып алғанын көрсетуге;
  •  ұсынылған параның соммасын немесе қорқытып алу сипатын көрсетуге;
  • қай уақытта, қай жерде және қандай түрде тікелей пара беру болатыны жөнінде көрсетуге;
  • одан әры-қарай құқық қорғау органының нұсқауына сәйкес әрекет етуге; белгіленген тәртіппен жолдауға.

Бұны бiлу маңызды!

Қылмыстың жасалған орнына және уақытына қарамастан қылмыс туралы ауызша хабарламалар және жазбаша арыздар құқық қорғау органдарында тәулiк бойы қабылданады.

Құқық қорғау органдарының кезекшi бөлiмдерi Сiздердi мұқият тыңдап ауызша немесе жазбаша түрде хабарлама алуға мiндеттi. Алайда Сiз хабарламаны қабылдаған қызметкердiң тегiне, лауазымына және қызмет телефонына көңiл бөлуiңiз қажет.

Сiз өзiңiздiң арызыңызды құқық қорғау органдарында тiркелгенi туралы белгiмен немесе талон-хабарламаның көшiрмесiн алуға құқылысыз, онда құқық қорғау органының мекенжайы, байланыс телефоны, хабарламаны қабылдаған қызметкер, оның қолы және қабылдаған күнi туралы мәлiметтер көрсетiледi.

Сiзден қабылданған хабарлама (арыз) құқық қорғау органдарында шұғыл түрде тiркеледi және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуальдық шаралар қолдау үшiн жоғары тұрған басшылыққа баяндалады.

Құқық қорғау органынан Сiздiң арызыңыз кiмнiң қарауына берiлгенi, қабылданып жатқан шаралар туралы және Сiздiң құқығыңыз бен мүддеңiзге қатысты мәселелер бойынша толық ақпарат алу үшiн құрылымдық бөлiм басшылығының қабылдауына кiрудi талап ету құқығыңыз бар.

Егер Сiзден пара беру хабарламасын (арызын) алудан бас тартса бұл заңсыз әрекеттi жоғары тұрған органға шағым түсiруге, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң заңсыз әрекетi туралы жоғары тұрған органға шағымдануға, құқық қорғау органының және күштiк құрылымдардың әрекеттерiне прокурорлық қадағалау жүргiзуге шағымдануға құқылысыз.

ЫНТАЛАНДЫРУ ӘДІСІ

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекітті (2015 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1131 қаулысы).

 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу беріледі.

Ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш;

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 айлық есептік көрсеткіш;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша – 50 айлық есептік көрсеткіш;

 4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауыр қылмыстық істер бойынша – 70 айлық есептік көрсеткіш;

 5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы аса ауыр қылмыстық істер бойынша – 100 айлық есептік көрсеткіш.

Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.

Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесу:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау фактісі туралы хабарлауды;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтау, жолын кесу және ашу үшін кейіннен маңызыболған өзге де жәрдем беруді қамтиды.

Көтермелеу, егер адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты:

 1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;

2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;

3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана төленеді.

Адамды көтермелеу туралы материалды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін орган көтермелеуге құқығы пайда болған күннен бастап он бес күн ішінде қалыптастырады және комиссия қарауына жібереді және мынадай:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органның өтініші;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс қылмыс фактісі бойынша, адамның өтініші туралы арыздарды, ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген арыздың көшірмесі немесе адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтауға, жолын кесуге және ашуға жәрдем бергенін растайтын өзге де құжаттар;

3) әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманың немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі қаулының көшірмесі;

4) әкімшілік жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот қаулысының көшірмесі;

5) қылмыстық іс қозғау туралы қаулының немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының көшірмесі;

6) заңды күшіне енген айыптау үкімінің не ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі қамтылуы тиіс.

Сыбайлас   жемқорлыққа қарсы  қызмет басшысы  материал  түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде тұлғаға біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін негіз болып табылатын көтермелеу туралы бұйрық шығарады.

Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу көтермелеу туралы бұйрық шыққаннан күнінен бастап он бес күн ішінде адамның жеке немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізіледі.

 Көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен жауапты болады.

 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органның әрекетіне немесе әрекетсіздігіне сот тәртібімен шағымдануға болады.

Страницы: