Жаңалықтар

Оқытушыларға арналған "ЗЕЙІН" Республикалық қашықтық олимпиадасы

Оқытушыларға арналған "ЗЕЙІН" Республикалық қашықтық олимпиадасы

2022 жылдың 24 қаңтарында Павлодар медициналық жоғары колледжінің оқытушылары Республикалық "ЗЕЙІН"қашықтық олимпиадасына қатысты. Олимпиада жалпы білім беретін пәндер оқытушылары үшін келесі пәндер бойынша өтті: математика, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, құқықтану, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, музыка, сондай-ақ психологтарға да арналды.
Кәмелетке толмағандарды вакцинациялау

Кәмелетке толмағандарды вакцинациялау

2020 жылдың 13 наурызынан 2022 жылдың 24 қаңтарына дейін Қазақстанда коронавирус жұқпасын жұқтырған 1 166 697 адам тіркелген. КВЖ таралуын болдырмаудың бір әдісі-вакцинация! Бүгінгі күні вакцинацияланғандардың саны – 8 702 950 адам, оның ішінде 236 769 – кәмелетке толмағандар. 2021 жылғы 19 қарашада Павлодар облысына "Комернати" (Pfizer) вакцинасы келіп түсті. Сол күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттері колледж қабырғасында 1 компонентті алғашқылардың бірі болып алды. Бүгінгі таңда кәмелетке толмаған студенттердің 50% вакцинацияланған."Комернати" вакцинасы (Pfizer) кәмелетк
Выступление президента РК Касым-Жомарта Токаева

Выступление президента РК Касым-Жомарта Токаева

2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы алдында сөз сөйледі. Павлодар медициналық жоғары колледжінің әкімшілігі мен қызметкерлері ҚР Президентінің Үндеуін мұқият қарап, тыңдады. Қазақстан Президентінің бүгінгі баяндамасындағы басты дәйексөздер: - Тұңғыш Президент-Елбасының арқасында елімізде өте табысты компаниялар тобы және тіпті халықаралық стандарттар бойынша да ауқатты адамдар тобы пайда болды. - "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырамын. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәс
Жаңа жылдық құттықтау!

Жаңа жылдық құттықтау!

Павлодар медициналық жоғары колледжінің Әкімшілік пен Кәсіподақ комитеті келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды! Жаңа Жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер Жылы болсын! Бұл жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт — береке болсын! Өткен жылдары орындалмаған армандар алдағы уақытта орындала берсін. Ойластырылған барлық идеялар мен міндеттер өмірге келіп, жүзеге ассын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
"Игі істер марафоны" салтанатты іс-шарасы

"Игі істер марафоны" салтанатты іс-шарасы

29 желтоқсанда Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі өткізген "Игі істер марафоны" атты салтанатты іс-шарасында Павлодар медициналық жоғары колледжінің "Қайырымдылық" волонтерлер үйірмесінің жұмысы жоғары бағаланды және танылды. Волонтерлер үйірмесінің жетекшілері Ж.Ж.Абдрахманов және  Г.А.Адылханова  Алғыс Хаттармен марапатталды.
Салтанатты жиын

Салтанатты жиын

2021 жылдың 27 желтоқсанында жүлделі орындар үшін белсенді білім алушыларға арналған салтанатты жиын өтті. Павлодар медициналық жоғары колледжінің директоры Б.К. Касимова құттықтау сөз сөйлеп, білім алушылардың спорт және ғылыми салалардағы жетістіктерін атап өтті.
Репродуктивті денсаулық туралы ақпараттық әңгіме

Репродуктивті денсаулық туралы ақпараттық әңгіме

2021 жылдың 24 желтоқсанында арнайы пәндер оқытушысы Э. Н.Рамазанова 17-18 жас аралығындағы 1 курс білім алушыларымен репродуктивті денсаулық тақырыптары бойынша ақпараттық әңгіме өткізді. Бірінші тақырып "Жыныстық жолмен берілетін жұқпалар", - ең жиі кездесетін жұқпалар, олардың клиникалық көріністері, асқынулары мен алдын-алу мәселелері талқыланды. Екінші тақырып  «Ерте жүктілік», -жүктіліктің қай жасында ерте деп саналады, ерте жүктіліктің себептері, ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын-алу, түсік түсіру қандай күрделі асқынуларға әкелуі мүмкін екендігі анықталды және талқыланды.
Бітіруші топтармен кәсіптік бағдар беру кездесуі

Бітіруші топтармен кәсіптік бағдар беру кездесуі

2021 жылдың 24 желтоқсанында Павлодар медициналық жоғары колледжінің бітіруші топтарының білім алушылары Торайғыров Университетінің өкілі Адилова  Валентинамен онлайн-конференцияға қатысты. Конференция тақырыбы: «Бітіру курстарымен кәсіптік бағдар беру».
"Жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы және білім алушылардың мінез-құлық ережелері"

"Жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы және білім алушылардың мінез-құлық ережелері"

2021 жылдың 24 желтоқсанында Павлодар медициналық жоғары колледжінде Павлодар қаласы ІІБ ОПБ-нің полиция капитаны, учаскелік полиция капитаны Ниязбекова Мадина Амангельдиновна болып, "Жаңа жылдық мерекелер мен қысқы каникул кезінде білім алушылардың қауіпсіздік техникасы мен жүріс-тұрыс ережелері"  тақырыбында  ақпараттық әңгіме өткізді. М.А. Ниязбекова білім алушылардың назарын қысқы демалыс кезіндегі олардың тәртібіне және заңсыз әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершілікке, қарапайым және міндетті қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелеріне аударды.
М. В. Ломоносов атындағы биологиядан  Халықаралық қашықтық олимпиадасы

М. В. Ломоносов атындағы биологиядан Халықаралық қашықтық олимпиадасы

2021 жылдың 22 желтоқсанында Павлодар медициналық жоғары колледжінің 1 курс білім алушылары биология пәнінен М.В. Ломоносов атындағы Халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысты. Олимпиада нәтижелері бір айдан кейін белгілі болады. Қатысушыларға жеңіс тілейміз!
№41 ЖОББМ оқушыларына арналған ашық есік күні

№41 ЖОББМ оқушыларына арналған ашық есік күні

2021 жылғы 21 желтоқсанда Павлодар медициналық жоғары колледжіне оқу-өндірістік комбинатының медициналық бейіндегі арнайы пәндер оқытушысы Сейтканова Куралай Ботбаевнаның жетекшілігімен        № 41 ЖОББМ оқушылары келді. Павлодар медициналық жоғары колледжі оқу-өндірістік комбинатпен ынтымақтасқандықтан, оқушылар экскурсияға және кәсіптік бағдар беруге шақырылды. Колледждің практикалық корпусында арнайы пәндер оқытушысы Ш.Ж. Кулбекова экскурсия өткізіп, медициналық тренажерлармен, аппараттармен және аспаптармен таныстырды. Акт залында "Стоматология" мамандығы 110 тобының білім алушыла
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным» балалар шығармашылық конкурсы

«Менің Тәуелсіз Қазақстаным» балалар шығармашылық конкурсы

ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК –нің кәсіподақ комитеті қызметкерлер мен студенттердің балалары үшін конкурс ұйымдастырды және өткізді. "Менің Тәуелсіз Қазақстаным" шығармашылық конкурсы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 -жылдығына арналды. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді: - "Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді..." (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу). - "Тәуелсіздік рәміздері-Қазақстан мақтанышы" (өз қолдарымен жасалған бұйымдар). - "Мәңгілік ел-біздің болашағымыз" (Отан туралы суреттер). Конкурс қорытындысы бой