Жаңалықтар

"Халықтың өмірі  мен денсаулығының сапасы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

"Халықтың өмірі мен денсаулығының сапасы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2022 жылдың 27 сәуірінде Павлодар медициналық жоғары колледжінде медициналық колледж студенттеріне арналған "Халықтың өмірі  мен денсаулығының сапасы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасының 15 қаласының және Ресей Федерациясының 6 қаласының медициналық колледждерінің студенттері қатысты.  Конференция аралас түрде өтіп, пленарлық және секциялық отырыстардан тұрды.
Ертіс ауданының мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау

Ертіс ауданының мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау

2022 жылғы 26 сәуірде қабылдау комиссиясының хатшысы Е.А.Мақпалеева  және Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Л.К.Темірболатова  Ертіс ауданының мектептеріне кәсіптік бағдар беру жұмысымен барды. Қабылдау комиссиясы қашан жұмыс істей бастайтынын, оқуға түсу үшін қандай құжаттар қажет екенін айтып, колледж мамандықтары бойынша сұрақтарға жауап берді.
Adviser – көрме

Adviser – көрме

2022 жылдың 26 сәуірінде Павлодар медициналық жоғары колледжінің кәсіптік бағдарлау бөлімі Жастар бастамаларын дамыту орталығында өткен Adviser - көрмеге белсенді қатысты. Кәсіптік бағдар беру бойынша менеджер К.Ш.Кабиденова және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Д.А. Әмір талапкерлерге консультациялар беріп, оқуға түсуге қатысты сұрақтарына жауап берді. Ал колледж білім алушылары талапкерлерге қызықты студенттік өмір туралы айтып берді.
Железин ауданы және Тереңкөл ауданы мектептерінің оқушыларын кәсіптік бағдарлау

Железин ауданы және Тереңкөл ауданы мектептерінің оқушыларын кәсіптік бағдарлау

2022 жылғы 25 сәуірде кәсіптік бағдар беру жөніндегі менеджер К.Ш. Кабиденова және әлеуметтік педагог С. К. Мутапова Железин  және Тереңкөл аудандарының мектептерінде болып, 9 және 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізді. Колледждің негізгі мамандықтары, студенттердің бос уақыты мен жұмыспен қамтылуы туралы айтылды. Көптеген оқушылар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды, өйткені олар Павлодар медициналық жоғары колледжіне түсуді жоспарлап отыр.
Заря, Новоямышево және Аққулы ауылдарының мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы

Заря, Новоямышево және Аққулы ауылдарының мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2022 жылдың 22 сәуірінде педагог-психолог С.А.Султанова және әлеуметтік педагог С.К. Мутапова  Заря, Новоямышев  және Аққулы ЖОБМ-нің кәсіптік бағдар беру жұмысымен танысты. 9 және 11 сынып оқушыларына Павлодар медициналық жоғары колледжі туралы бейнеролик пен презентация көрсетілді. Колледж оқытушылары медициналық мамандықтардың оқу бағдарламасының ерекшеліктері, практика қалай және қайда өтетіні, колледж білім алушылары үшін қандай үйірмелер мен секциялар жұмыс істейтіні туралы айтып берді.
"Бақытты ана - бақытты балалар"

"Бақытты ана - бақытты балалар"

2022 жылдың 21 сәуірінде Павлодар медициналық жоғары колледжінің кітапханасында әйелдердің тұлғалық дамуы мен рухани өсуіне арналған "Бақытты ана - бақытты балалар" атты семинар өтті. Кездесу тіс дәрігері, лектор, бизнес - сарапшы А.Т. Акатованың және Павлодар медициналық жоғары колледжінің 2 курс студенті, 5 баланың анасы А. М. Кантбаеваның қатысуымен өтті. Қонақтар өз кеңестерімен бөлісіп, жетістіктері туралы айтып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинарды талқылауға «Мейіргер ісі» мамандығы 110 және  «Емдеу ісі» мамандығы 120 топтарының білім алушылары белсенді қатысты.
Жетекші, Кемеңгер, Шақат және Шарбақты ауылдарының мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау

Жетекші, Кемеңгер, Шақат және Шарбақты ауылдарының мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау

2022 жылғы 21 сәуірде кәсіптік бағдар беру жөніндегі менеджер К.Ш. Кабиденова және педагог-психолог С. А. Султанова  Жетекші, Кемеңгер, Шақат ауылдарының және аудан орталығы Шарбақты ауылының мектептеріне қатысты. Павлодар медициналық жоғары колледжінің қызметкерлері мектеп оқушыларын колледж мамандықтарымен таныстырып, қабылдау комиссиясы бойынша сұрақтарға жауап берді.
"Оқитын Павлодар" кітап фестивалі

"Оқитын Павлодар" кітап фестивалі

22ж.21.04-де  С.Торайғыров атындағы  Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған "Оқитын Павлодар" атты кітап фестиваліне "Лабораториялық диагностика" мамандығының 110 және "Ортопедиялық стоматология" мамандығының 110 топтарының білім алушылары қатысты. Қатысушылар алдында  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Тарасовская Наталья Евгеньевна "Шипалы шөптер" тақырыбында қызықты презентация жасап, сөз сөйледі.  Дәріс аяқталғаннан кейін студенттер интеллектуалды ойын
"Қазақстан-біздің ортақ үйіміз"

"Қазақстан-біздің ортақ үйіміз"

2022 жылдың 20 сәуірінде Павлодар медициналық жоғары колледжінің акті залында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Қазақстан - біздің ортақ үйіміз" достық мерекесі өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға жауаптылар: ағылшын тілі оқытушысы Г.С. Битигова және "Мейіргер ісі" мамандығы 130 тобының  білім алушылары. Іс-шараның қонақтары Павлодар облысының "Somang" Кәрістер қауымдастығының мүшелері болды. Клубты Пак қауымдастығының мүшесі Пак Людмила Вячеславовна таныстырып, сөз сөйледі. Білім алушылар Кәрістер қауымдастығының мүшелері орындаған билер мен әндер арқылы корей мәдениетімен танысты.
"Интернет алаяқтық"

"Интернет алаяқтық"

2022 жылғы 20 сәуірде Павлодар медициналық жоғары колледжіне Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері келді. Ювеналды полиция инспекторы Ниязбекова Мадина білім алушылармен "Интернет алаяқтық" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру әңгімесін өткізді. М. Ниязбекова интеренет-алаяқтықтың түрлері туралы айтып, 0ұрбан болмау туралы ұсыныстар берді
Ашық есіктер  күні

Ашық есіктер күні

2022 жылдың 20 сәуірінде Павлодар медициналық жоғары колледжінде Ашық есіктер күні өтті. Іс-шараға жауаптылар: кәсіптік бағдар бойынша менеджер К.Ш. Кабиденова, әлеуметтік педагог С. К. Мутапова, педагог-психолог С. А. Султанова,  "Стоматология" мамандығы 110 тобының білім алушылары. Кәсіптік бағдар беру жұмысы колледждің практикалық корпусының кабинеттеріне экскурсиядан және колледж мамандықтары бойынша ақпараттық әңгімелесуден тұрды. Арнайы пәндер оқытушылары Ш.Ж.Кулбекова, Қ.И. Досбергенова,М.Е. Сейсембекова  клиникалық пәндер туралы әңгімелеп, колледждің практикалық кабинеттерін, тренаж
2022 жылғы түлектерді сертификаттау бойынша семинар.

2022 жылғы түлектерді сертификаттау бойынша семинар.

Павлодар медициналық жоғары колледжінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Сертификаттау орталығының басшысы С.К. Темиржанов барлық мамандықтардың 2022 жылғы түлектерін сертификаттау бойынша семинар өткізді.