Жаңалықтар

«Диабет бақылауда» акциясы жалғасуда

«Диабет бақылауда» акциясы жалғасуда

«Диабет бақылауда» ұлттық бағдарламасы мен халық арасында қант диабетінің алдын алу күніне арналған айлық аясында 19 қараша күні «Диабет» үйірмесінің мүшелері үйірме жетекшісі Б. Б. Утельбаевамен бірге колледж студенттері және қызметкерлері арасында қандағы қант мөлшерін өлшеу бойынша тексеру жүргізді.
Асыл сөз» облыстық байқауы

Асыл сөз» облыстық байқауы

2018 жылдың 16 қарашасында «Стоматология» мамандығының 120 тобының студенті Максимцева Александра «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы Дала Мәңгілік тілі» жобасын және «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Асыл сөз» облыстық байқауына қатысты. Байқау жыл сайын мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт студенттері арасында өткізіледі. Александра мемлекеттік тілді меңгерудің жақсы деңгейін көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
«Артериялық гипертензия» аудиториядан тыс сабақ

«Артериялық гипертензия» аудиториядан тыс сабақ

№ 2 клиникалық пәндер ЦӘК апталығы аясында 16 қарашада «Эскулап» үйірмесінің жетекшісі И.В.Лебедева «Артериялық гипертензия» тақырыбында аудиториядан тыс ашық сабақ өткізді. Іс-шараға үйірменің мүшелері қатысты.
Ашық сабақ «Ас қорыту жүйесі аурулары кезіндегі шұғыл жағдайларда көрсетілетін жедел көмек»

Ашық сабақ «Ас қорыту жүйесі аурулары кезіндегі шұғыл жағдайларда көрсетілетін жедел көмек»

16 қараша күні №2 клиникалық пәндердің ЦӘК апталығы шеңберінде оқытушы Ш.Ж. Кулбекова «Терапиядағы мейіргер ісі» пәні бойынша «Мейіргер ісі» мамандығының 43 тобында «Ас қорыту жүйесі аурулары кезіндегі болатын шұғыл жағдайларда көрсетілетін жедел көмек» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  
Ұлттық валюта күніне арналған кітап көрмесі

Ұлттық валюта күніне арналған кітап көрмесі

15 қараша күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің кітапханасында "Ұлттық валютаға 25 жыл" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ұсынылған әдебиеттерге шолу жасаған кезде кітапханашы У.М.Альдекенова Президент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстандық жол" кітабына ерекше назар аударған, онда Мемлекет Басшысы Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының ең қиын және жарқын сәттерін еске түсіреді. Осы кітаптың төртінші тарауы «Теңге - біздің тәуелсіздігіміздің символы» деп аталады және ол толық ұлттық валютаға арналған
«Диабет ауыртпалығы» аудиториядан тыс сабақ

«Диабет ауыртпалығы» аудиториядан тыс сабақ

"Диабет бақылауда" ұлттық бағдарламасы мен № 2 клиникалық пәндер ЦӘК апталығы аясында 15 қараша күні "Диабет" үйірмесінің жетекшісі Б. Б. Утельбаева "Диабет ауыртпалығы" тақырыбында аудиториядан тыс ашық сабақ өткізді.
Жалпыұлттық диктант

Жалпыұлттық диктант

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес 14 қараша күні сағат 11.00--де Павлодар медициналық жоғары колледжінде жалпыұлттық диктант жазу ұйымдастырылды. Диктант жазуға коледж қызметкерлері мен студенттері қатысты.
Ашық сабақ «Термиялық зақымданулар»

Ашық сабақ «Термиялық зақымданулар»

14 қараша күні №2 клиникалық пәндер ЦӘК апталығы шеңберінде оқытушы О.Л. Кушлак «Хирургия мен реанимациядағы медбикелік іс» пәні бойынша «Мейірбикелік іс» мамандығының 340 тобында «Термиялық зақымданулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
"Диабет бақылауда"

"Диабет бақылауда"

Ұлттық бағдарлама аясында, 14 қараша күні колледжде Халықаралық қант диабетімен күрес күніне арналған акция басталды. "Диабет" үйірмесінің мүшелері оқушылар мен қызметкерлердің қан қысымын, салмағын, бойын өлшеу бойынша акция ұйымдастырып, қант диабетінің алдын алу бойынша кеңестер берді.
Ашық сабақ «Анемиялар. Теміртапшылықты анемия»

Ашық сабақ «Анемиялар. Теміртапшылықты анемия»

13 қараша күні №2 клиникалық пәндердің ЦӘК апталығы шеңберінде оқытушы А. А. Аманбаева «Педиатриядағы медбикелік іс» пәні бойынша «Мейірбикелік іс» мамандығының 320 тобында «Анемиялар. Теміртапшылықты анемия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Радиода сөйлеу

Радиода сөйлеу

10 қараша күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің дене шынықтыру нұсқаушысы Н.Н Сидоров облыстық "Халық Радиосы" радиосының эфирінде "Ертіс өңірінің шағын футболын дамыту" тақырыбында сөз сөйледі.
Көрмеге қатысу

Көрмеге қатысу

9 қараша күні "Мейірбике ісі" мамандығы 230 тобының студенттері Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінің Ғылыми кітапханасында ашылған Холокосттың ең танымал құрбаны - Анна Франк туралы халықаралық жылжымалы көрмеге қатысты. Көрме Амстердамдағы, Нидерландыдағы «Анна Франк үйі» әйгілі мұражайымен Анна Франк туралы халықаралық қоғамды таныстыру және ол өмір сүрген әлем, соның ішінде антисемитизм, кемсітушілік және адамдардың қудалануы туралы айту мақсатында дайындалды. Сонымен қатар, көрме азаматтардың әрекеттері мен мінез-құлқын анықтайтын еркіндік, теңдік және демократия тәр