«Химия» – «Биохимиялық факультет» пәні бойынша  аудиториядан тыс іс-шара.

 «Фармация» мамандығының 110, 120 топтары.

06.11.14 г., 15-30

Оқытушылар:  Қожабекова А.Ж., Бердалинова Ж.К.


Аудиториядан тыс іс-шара «Фармация» мамандығы студенттері арасында  интеллектуалдық ойын  нысанында  өткізілді.

Іс-шара мақсаты студенттердің химия, биология бойынша  білімдерін  кеңейту және  нығайту, шығармашылық қабілеттерін  дамыту, ұжымдасу,  ынтымақтасу сезімдерін  тәрбиелеу.

 Интеллектуалдық ойынға «Фармация» мамандығының 110 және 120 топтарынан бес адамнан  екі команда  қатысты. Конкурс келесі  кезеңдерден тұрды: командалардың сәлемдесуі, « Химиялық  лабиринт», « Капитандар конкурсы», « Химия және  биология  әлемінде».

1 –ші тур  барысында  балалар  бірі-бірімен танысты,  команда  аттарын, эмблемасы мен ұрандарын атады.  Екінші кезеңде  студенттер  интерактивтік тақтамен жұмыс жасады, лабиринт  таблосындағы  химия жөніндегі сөздерді оқыған соң ашылған блоктағы «иә» немесе «жоқ»  кнопкаларын  басу арқылы өздерінің  келісетіндері және келіспейтіндері туралы пікірлерін  білдірді.

III турда  команда капитандары  химия және биология бойынша  жағдаяттық міндеттер шешті.

«Химия және биология әлемінде» тақырыбындағы конкурста  ойын қатысушылары  күрделілігі әртүрлі деңгейдегі сұрақтарға  жауап берді,  талқылау үшін таңдауға бес тақырып ұсынылды.  Күрделілік деңгейі  10 нан 50 ұпайға дейін бағаланды.

«Биохимиялық факультет» тақырыбындағы аудиториядан тыс іс-шара әсерлі өтті,  студенттер тапсырмаларды  зор қызығушылықпен  орындап,  химия және  биология бойнша  білімдерінің жақсы екендігін көрсетті.  Эмоциялық көңіл-күймен сүйемелденіп  отырылған интеллектуалдық ойында  өзара көмек пен   бәсекелестік  рухы  сезіліп тұрды.

Конкурс нәтижелері бойынша   қорытындысы шығарылып,  орындар  берілді. Командалар  Грамоталармен және  құнды көтермелеу жүлделерімен марапатталды.