Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша  ашық сабақ

 «Медбикелік іс» мамандығы 2 курсының 21 тобы

04.11.2014 г., 2 пара

Оқытушы Нұркенова А.К. 

2014 жылғы 4 қарашада  тарих пәнінің оқытушысы А.К. Нұркеновамен «Медбикелік іс»  мамандығының 21  тобында  «Қазақстан тарихы»  пәнінен «Қазақ халықтығының  пайда болуы. «Қазақ» этнонимі»  тақырыбы бойынша  ашық сабақ өткізілді. 

Сабақтың мақсаты қазақ халықтығының құрылуы туралы студенттер білімін  кеңейту, өз Отанымыздың  өткен тарихына деген  қызығушылықты дарыту.  Сабақта  Блум технологиясы,  сыни тұрғыда ойлау  технологиясы  қолданылды.  Студенттер  тарихи  деректермен жұмыс жасау,  материалды талдау,  қорытынды шығару және  өз пікірін  дәлелдей білу біліктерін көрсетті. Сабақ мақсатына жетті,  сабаққа қатысқан әріптестері тарапынан  жақсы бағаланды.

Страницы: