Жұмысқа бөлу және орналастыру

Түлектерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат

Колледжде кәсіби бағдар жұмысы бойынша жұмыс жасайтын Кеңес жыл сайын өзінің негізгі бағыттары бойынша мынадай іс-шаралар жоспарлайды: облыс пен қаланың жалпы білім беру мектептерінің түлектерімен және емдеу-сауықтыру мекемелеріндегі жұмыс істеушы жастармен жұмыс, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілікті дарыту және колледж түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар. Кәсіби бағдар жұмысын өткізу нысандары әртүрлі- әңгімелер, дәрістер, ауызша журналдар, конкурстар, мамандықтар презентациясы, «Ашық есік күндері», практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдерімен, жас маманның құқықтары мен міндеттері таралы заңгерлермен кездесулер және т.б.

Колледж түлектерін жұмысқа бөлу және орналастыру ісі Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, облыстағы емдеу-сауықтыру мекемелерінің қажеттіліктері мен тапсырыстары негізінде жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау басқармасымен жыл ссайын түлектерді жұмысқа бөліп орналастыру құрамы туралы бұйрық шығарылады.

Колледждің жұмысқа орналастыру мәселесіндегі мақсаты түлектерді біліктіліктеріне сәйкес жұмысқа орналасуға көмектесудің тиімд жүйесін және олардың еңбек нарығына бейімделуіне көмектесу, бос орындар туралы мәліметтер жинау және оларға студенттердің қолжетімділігін ұйымдастыру; медициналық колледж түлектеріне сұраныс тенденциялары туралы замануи жас мамандардың нарықтық параметрлері туралы студенттерді хабардар ету; түлектермен ұдайы байланыс жасап отыру; түлектерге кәсіптік, әлеуметтік жұмылдыруға үнемі көмектесіп отыру; жұмыс берушілермен, кадрлық және рекрутингілік агенттіктермен байланыстарды дамыту; түлектердің сертификатталуын ұйымдастыруға көмектесу.

Бітіруші топтардың студенттерін алдын ала жұмысқа орналастыру ісі ағымдағы жылғы ақпан айында өткізілді. ЕСҰ-ң өтінімхаттары мен тапсырыстары ескерілген жұмысқа түпкілікті орналастыру жөніндегі комиссия отырысы ағымдағы жылдың сәуір айында өткізілді.

2015-2016 оқу жылындағы жалпы шығарылым 267 адамды құрды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша -156 адам, оқытуға толық төлем ақы төлеу негізінде-111 адам. Түлектердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандары-220 адам, ЖОО-на түскендер -25 адам, ҚР тысқары кеткендер-6 адам, декреттік демалыста жүргендер – 16 адам. Түлектердің жұмысқа орналасу пайызы-82,4%, жұмыспен қамтылу пайызы-100%.

2016-2017 оқу жылындағы жалпы шығарылым 318 адамды құрды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша -98 адам, оқытуға толық төлем ақы төлеу негізінде-220 адам. Түлектердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандары-265 адам, ЖОО-на түскендері -74 адам, колледжге -4 адам, ҚР және облыстан тысқары кеткендер – 11 адам, декреттік демалыста жүргендер – 10 адам, ҚР ҚК қатарына шақырылғандар- 1 адам. Түлектердің жұмысқа орналасу пайызы-79%, жұмыспен қамтылу пайызы-100%.

 

2017-2018 оқу жылындағы жалпы шығарылым 365 адамды құрды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша –197 адам, оқытуға толық төлем ақы  төлеу негізінде –   168 адам. Түлектердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандары-275 адам, ЖОО-на түскендері -64 адам,колледждерге-4 адам,  ҚР және облыстан тысқары кетті – 11 адам, декреттік демалыста болады– 10 адам. ҚР ҚК  қатарына шақырылды- 1 адам.

Диаграммаларда көрсетілгендей, түлектердің жұмысқа орналасуы жыл сайын 75-95%-ды, жұмыспен қамтылу пайызы-100% құрады.

2018 жылдың ақпан айында пациенттерге сапалы мейірбикелік күтім көрсететін, қазіргі жағдайды талдау және болжау, пациенттің жеке қажеттіліктеріне және жалпы практикалық денсаулық сақтауға сәйкес медициналық көмек көрсетудің неғұрлым жоғары деңгейі үшін уақтылы тиімді басқару шешімін қабылдай алатын жаңа формациядағы Мейірбике ісі мамандарының қолданбалы бакалаврлардың  алғашқы шығарылымы жүзеге асырылды. 47 адамнан тұратын қолданбалы бакалавриаттың барлық түлектері негізінен Павлодар қаласының пилоттық медициналық ұйымдарына бөлінген және денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде медициналық көмектің сапасын арттыру үшін денсаулық сақтау мамандарының мультипрофиялық командасының құрамында жұмыс істейтін болады.

Колледж әкімшілігі түлектермен үнемі байланыста болады, жұмысқа орналасуға және бейімделуге бақылау жасайды. Түлектерді жұмысқа орналастыру жұмысы колледжді бітіргеннен кейін де тоқтатылмайды. Біздің колледждің көптеген түлектері медициналық ұйымдарда аға және бас медбике лауазымында жұмыс істейді.

Колледжде электрондық пошта, “Байланыста”, “Facebook” әлеуметтік желілеріндегі беттері бар, ақпаратты алуға және жедел талдауға мүмкіндік беретін жергілікті компьютерлік желі құрылған.