Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

«Ісіңді сүй- кәсіпқор боласың»

«Стоматология» мамандығының IV курс, 410 және 420 топтары.

12.02.15 г., 15:00

Оқытушылар: Бенке О.А., Нурумбетов Т.Ш.

 

Қиналған әркез сәттерде

Дантистер келер көмекке.

Қарыздар ғой әр адам бәріңе

Қайтаратын шаттық күлкі өздеріне.

«Стоматология» мамандығы 4 курсының студенттеріне білімдерін, практикалық біліктері мен дағдыларын бекіту мақсатында қасиетті Апполония күніне орай «Алмалы-салмалы протездер жасау техникасы», «Алынбайтын протездер жасау техникасы», «Ауыз қуысы және тіс ауруларын емдеу және алдын алу» арнайы пәндер бойынша «Ісіңді сүй- кәсіпқор боласың» тақырыбында 2015 жылғы үздік дантист кәсіптік конкурсы өткізілді.

Конкурс 3 кезеңде өткізілді:

-1 кезең- « Визиттік карточка» – студенттік өмірден эпизодтар келтірілді

-2 кезең-«Блиц-турнир»- әр студентке сұрақтар қойылды, оған 1 минут ішінде жауап беру ұсынылды.

-3 кезең-«Жағдаят»- жағдаяттық міндеттерді шешу.

-4 кезең- «Шебер қолдар»- практикалық біліктер мен дағдыларды көрсету.

Конкурс нәтижесі бойынша ең көп ұпай жинаған «Стоматология» мамандығы 410 тобының студенті Никульча Жансұлу «2015 жылдың үздік дантисі» конкурсының жеңімпазы болды.

«Ісіңді сүй- кәсіпқор боласың» кәсіптік конкурсқа қатысып, 2 және 3 орындаға ие болған студенттер Гонтовой Вадим, Солтанов Ерлан, Кадаканова Әселді құттықтаймыз!

Құттықтаймыз стоматология жұлдыздарын!

Шаттық күлкі берер адамға өзі ғана.

Мамандық қой дертке дауа беретін

Мәңгілікке оны таңдаған сендер ғана.

 

Стоматология маманы

Міндетін әркім біледі.

Кімге керек көмек тез

Қол ұшын жылдам береді.

 

Страницы: