Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Ақпарат

Құрметті ата-аналар!

Әрдайым Сіздердің естеріңізде болсын, білім – бұл мемлекет пен қоғам, колледж әкімшілігі мен ұстаздары тарапынан, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары тарапынан да басқарылатын үрдіс болып табылады, ал ата-аналардың жауапкершілігі балалардың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарымен және Халықаралық Тұжырымдамамен заңды түрде бекітілген.

* Тұжырымдаманың 18 бабында белгіленген, бала тәрбиесіне ата-ананың екеуіде бірлесе жауапкершілікте болады, ал мемлекет оларды осыған орай қолдауы және тиісті көмегін көрсетуі қажет;

* ҚР Конституциясының 27 бабында жазылған, балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқы ғы мен міндеттері болып табылады;

* «Неке және отбасы» Кодексінің 68 бабында айтылған, ата-ана өз балаларына қатысты бірдей құқықта болып, бірдей жауапкершілікте болады;

* «Білім туралы» ҚР Заңының 49 бабында айтылған, ата-ана мен басқа да заңды өкілдерінің міндеттеріне білім беру ұйымдарымен бірлесе ынтымақтасуы жатады, осыған орай, ең маңыздысы балаларының оқу орнына қатысымын қамтамасыз ету делінген.

Тағыда мынадай фактіні естеріңізге саламыз, ата-аналардың балаларына қатысты өз міндеттерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында келесі баптар қарастырылған:

* «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 140 бабында ;

* «Ата-аналармен немесе олардың орнын алмастырушылармен балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамау» – Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127 бабында.

Колледж әкімшілігі Сіздің, 2016-2017 оқу жылындағы семестрде 20 сағаттан артық сабақ босатулар мен сабаққа кешігіп келулерге жол берген балаңызға қатысты тиісті шаралар қолданады деп сенеді және де туындаған жағдай себептерін түсіндіру үшін оқу сабақтары кезінде колледжге келіп кетуді сұрайды.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

Нур Арман

Страницы: