Студенттік өзін-өзі басқару

Студенттік өзін-өзі басқару – колледждің әлеуметтік белсенді студенттік жастарының шығармашылыққа, бос уақытты ұйымдастыруға, білім беру және әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған қоғамдық қызмет нысаны.

Өзін-өзі басқару Кеңесінің негізгі мақсаты мен міндеттері

 

Мақсаттары:

 

v болашақ маманның өзіндік өсуін дамыту;

v колледждегі тәртіпті қолдау, студенттердің үлгерімі мен қатысымын арттыру;

v азаматтық-патриоттық тәрбие ісін арттыру;

v студенттердің бос уақыты мен демалысын ұйымдастыруға көмектесу;

v студенттердің салауатты өмір салтын жүргізуді насихаттау;

v колледж студенттерінің толеранттілігін тәрбиелеу;

v волонтерлік қозғалыс пен қайырымдылық акцияларға қатысу.

 

Міндетттері:

 

v әкімшілік пен тәрбиелеушілік құрылымдарға колледж қызметінің түрлі саласына студенттерді белсенділікпен тартуға мүмкіндік беретін қажетті жағдайлар жасауға көмектесу;

v колледж қызметінің түрлі мәселелері мен жастар саясатын жүзеге асыру жөнінде студенттерді ақпараттық қамтамасыз ету;

v салауатты өмір салтын бекітуге, студенттердегі зиянды әдеттер мен құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектесу;

v тұлғаның өзіндік дамуына, студенттер бойына азаматтық және патриотизм сезімдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, студенттердің әлеуметтік маңыздылығы зор қызметі мен түрлі іс-шараларын ұйымдастыру;

v Кеңес пен топ активінің бірлескен қызметі;

v колледж беделін нығайту.

Кеңес өз жұмысын келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

Жастар саясаты секторы қаланың қоғамдық жастар ұйымдарымен сыртқы байланысты қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын, нормативтік-құқықтық актілер мен тұжырымдамаларды талқылау және түсіндіру жөнінде дәрістік топ жұмысын ұйымдастырады.

Оқу-ғылыми сектор студенттер арасындағы ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға қатысады, колледждің барлық үйірмелерімен тығыз байланыс жүргізеді, студенттердің қалалық және облыстық конференцияларға, слеттер мен конкурстарға қатысуына мүмкіндік жасайды; колледжде өткізілетін ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, пікірталастарға, пікірсайыстарға, оқуларға және т.б. белсене қатысады.

Мәдени-көпшілік сектор студенттердің колледждегі бос уақыт іс-шараларын ұйымдастырумен айналысады, сондай-ақ қалалық және облыстық шығармашылық конкурстарға қатысады, театрлар мен киноға қатысу, мұражайлар мен көрмелерге экскурсия ұйымдастыру, қала шеңберіндегі түрлі көпшілік іс-шараларға (КТК, конкурстар) қатысу жөнінде жұмыстар жүргізеді.

СӨС қалыптастыру секторы салауатты өмір салтын насихаттайтын акцияларды ұйымдастыруға және өткізуге, студенттердің зиянды әдеттерге деген келеңсіз қатынастарын қалыптастыруға қатысады, дене шынықтыру оқытушыларымен өзара әрекет етеді.

Тәртіптік секторы студенттердің оқу тәртібі (дәлелсіз себептермен ұдайы сабақ босатулар мен кешігіп келулер), ішкі тәртіп ережелері, кезекшілік өткізу бұзылыстарына байланысты мәселелерді қарауға қатысады.

Кәсіби бағдар секторы қайырымдылық акцияларын, волонтерлік қозғалыстарды ұйымдастыруға, қоғамдық қабылдау комиссиясы жұмысына қатысады, бірінші курс студенттеріне бейімделуге көмектеседі, колледж ардагерлері мен практикалық денсаулық сақтау саласының дәрігерлерімен кездесулер ұйымдастырады, колледждің беделді болуы мен оны нығайту бойынша жұмыс жасайды.

Ақпараттық сектор колледжде, бөлімшелерде, студенттік топтарда өткізілетін іс-шаралар мен мерекелерді, барлық бағдарламаларды ақпараттық стендіні қолдана отырып, колледж сайтында және т.б. мәлімдеу және жариялау ісімен айналысады, колледж студенттеріне мерзімді басылымдардағы қызықты және пайдалы жариялымдар жөнінде мәліметтерді жеткізеді.

 

Абдыленова Аделия Өзін – өзі басқару Кенесінің торайымыАбылденова Аделия, «Медбикелік іс» мамандығының 45 топ студенті Каирзатова Акжан СӨС секторыКаирзатова Акжан – «Медбикелік іс» мамандығының 220 топ студенті
Өзін – өзі басқару Кенесінің орынбасарыСорока Екатерина, «Емдеу іс» мамандығының 220 топ студенті Жумабаева Сания Жастар саясатының секторы  – Жумабаева Сания, «Медбикелік іс» мамандығының 230 топ студенті
Саурбай Еламан Өзін – өзі басқару Кенесінің хатшысы Саурбай Еламан, «Медбикелік іс» мамандығының 45 топ студенті Кәсіби-бағдар сектор Манабаева Сабина, «Лабораториялық диагностика» мамандығының 210 топ студенті
Гречина Аурика Оқу-ғылым секторы – Өзін Гречина Аурика, «Медбикелік іс» мамандығының 230 топ студенті Арын Алишер Ақпараттық сектор – Арын Алишер, « Емдеу іс» мамандығының 220 топ студенті
Жумабаева Гульфира Тәртіптік сектор Жумабаева Гүлфира, «Медбикелік іс» мамандығының 310 топ студенті