Қабылдау ережесі

ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» 2019-2020 оқу жылына

келесі мамандықтар бойынша қабылдау жүргізеді:

мемлекеттік тапсырыс бойынша

  • «Емдеу ісі» мамандығы «Акушер» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11 с.) орыс тілінде; оқыту мерзімі 2 ж. 10 ай;
  • «Мейіргер ісі» мамандығы «Жалпы практика мейіргері» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11 с.) оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде; оқыту мерзімі 2 ж. 10 ай;
  • «Мейіргер ісі» мамандығы «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11 с.) оқыту орыс тілінде; оқыту мерзімі 3 ж. 6 ай;

ақылы негізінде:

  • «Мейіргер ісі» мамандығы «Жалпы практика мейіргері» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11 с.) оқыту орыс тілінде; оқыту мерзімі 2 ж. 10 ай;
  • «Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11 с.) оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде; оқыту мерзімі 2 ж. 10 ай;
  • «Фармация» «Фармацевт» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде (11 с.) оқыту орыс тілінде; оқыту мерзімі 2 ж. 10 ай;
  • «Ортопедиялық стоматология» «Тіс технигі» біліктілігімен, жалпы орта білім негізінде  (11 с.) оқыту орыс тілінде; оқыту мерзімі 1 ж. 10 ай;
  • «Мейіргер ісі» мамандығы «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен, техникалық және кәсіптік білім негізінде; оқыту орыс тілінде; оқыту мерзімі 1 ж. 6 ай;

Оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары бойынша талапкерлердің оқуға өтініштерін қабылдау 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жүргізіледі.

Қажетті құжаттар:

  • 1) қабылдау туралы өтініш;
  • 2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  • 3) 3х4 көлемдегі 4 суреті;
  • 4) № 086-У нысаны бойынша емдеу мекемесімен расталған, фотосуреті бар медициналық анықтама, флюорография суреті, (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), облыстық нарко-, псих-, тубдиспансерлерден анықтамалар, егу картасы;
  • 5) Жеке басын куәландыратын құжаттар (сәйкестіндіру үшін)

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

  • шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
  • азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • босқын – босқынның куәлігі;
  • пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  • оралман – оралман куәлігі.

Жетім және ата-анасының қамқорысыз қалған балалар статусы бойынша кажетті құжаттарын ұсынуға тиіс. (акиматтың қамқоршылық туралы шешімі)

Колледжге қабылдау Ережелеріне сәйкес оқуға түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында өткізіледі.

Жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, биология немесе химия, кешенді тестілеу түрінде өткізіледі; («Химия» «Фармация» мамандығы бойынша)

«Емдеу ісі», «Медбикелік іс», «Стоматология», «Ортопедиялық стоматология» мамандықтары бойынша профильді пән «Биология», «Фармация» мамандығы бойынша «Химия» болып табылады.

Білім алушылар құрамына қабылдау

Колледжге білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс: колледжде өткізілген тестілеу түріндегі түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде кешенді тестілеуде көрсетілген үш пәннің баллдар сомасы ескеріледі.

Студенттер құрамына қабылдау конкурсына қатысуға жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді

Студенттердің құрамына қабылдау – 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында жүзеге іске асады

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі-жұма

09.00-18.00

түскі үзіліс 13.00 – 14.00

Біздің мекен-жайымыз:

Павлодар қаласы, И.Байзақов көшесі,151

www.pvlmedcollege.kz

байланыс телефондары:  67-49-81, 62-81-27