Версия для слабовидящих
Жаңалықтар
Медициналық жоғары колледждің үздік оқытушысы
14 маусым күні Естай атындағы Қалалық мәдениет Сарайында Медицина қызметкері күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
«Медициналық жоғары колледждің үздік оқытушысы» номинациясында Павлодар медициналық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, үздіксіз білім беру және симуляциялық оқыту орталығының басшысы Таңат Зияда Хапбасқызы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының Сертификатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
"Абыройлы ұстаз" конкурсының қорытындысы
13 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен «Абыройлы ұстаз» конкурсының қорытындысы шығарылды.
Павлодар медициналық жоғары колледжінің «Медбикелік іс» мамандығының студенттері осы конкурсқа белсене қатысты.
Жұмабаев Гульфира эссе конкурсында 1 орынға ие болды, Абылденова Аделия, Кравчук Полина, Құлмахан Әйгерім Алғыс Хаттармен марапатталды. "Емдеу ісі" мамандығы120 тобының студенттері ұсынған бейнеролигі үшін Алғыс Хаттармен марапатталды.
Медициналық қызметкер күні
13 маусым күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде медицина қызметкерлері Күніне арналған салтанатты шара өтті.
Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде адал еңбегі, кәсіби шеберлігі, жетістіктері үшін колледж оқытушылары Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының және «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіби одағы" қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының Құрмет Грамоталарымен марапатталды.
Жарқын күлкі
2018 жылғы 12 маусым күні стоматологиялық пәндердің оқытушылары О.А. Бенке, Т.Ш. Нурумбетовтың жетекшілік етуімен «Ортопедиялық стоматология» мамандығы 210 тобының студенттері, «Сау тістер- дені сау балалар- дені сау отбасы» волонтерлік қозғалысының мүшелері «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС-і «Павлодар облыстық стоматологиялық поликлиникасы» ШЖҚ-ғы КМК бірлесе ұйымдастырған денсаулық фестиваліне қатысты.
Денсаулық фестивалі «Денсаулықтың алтын ережелері» конкурсы нысанында өтті, волонтерлік қозғалыс мүшелері қалыс қалмады, «Дандайсыған тіс» тақырыбында сахналанған көрініс көрсетіп,
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау
2018 жылғы маусымның 11 мен 26 аралығында Павлодар медициналық жоғары колледжінде: "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Фармация", "Стоматология" және "Ортопедиялық стоматология» " мамандықтарының түлектеріне қорытынды мемлекеттік аттестаттау өткізіледі.
Қорытынды аттестаттау 2 кезеңде кешенді емтихан нысанында өтеді: теориялық ( компьютерлік тестілеу әдісімен) және практикалық (ОҚКЕ-объектівті құрылымдалған клиникалық емтихан әдісімен).
Түлектерге емтихандарын табысты тапсыруларына тілектестік білдіреміз!
Сақ болыңыз! Менингит!
Тұрғындарға арналған жаднама
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, ата-аналарға осы кезеңде өте сақ болуға кеңес береді:
Құрметті ата-аналар! Қазіргі уақытта менингитпен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Сіздерден балаларыңыздың денсаулық жағдайына барынша мұқият болуды сұраймыз.
Менингококк инфекциясы — бактериялар тудыратын жіті инфекциялық ауру, ол әртүрлі клиникалық белгілермен – симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақ сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менин
"Жаңартылатын энергия көздері"
2018 жылғы 5 маусым күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне «Жаңартылатын энергия көздері» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шара «Экология» оқытушысы Н.Б. Мапитовпен "Мейірбике ісі" мамандығының 32 тобында әңгіме түрінде өтті. Табиғатты қорғау жағдайын жақсартуға бағытталған, мұндай іс-шаралар табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуге себепкер болады. Бұл күні экологиялық жағдай проблемалары жанынан немқұрайдылықпен өтпеуге, қайта осы проблемаларды шешу жолына түсуге шақыратын қоршаған ортаны қорғау жөнінде акциялар өтеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
2018 жылғы 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде іс-шаралар өттті: мемлекеттік рәміздер біліміне студенттер арасында сауалнама, әңгіме «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз», кітап көрмесі «Егемен елдің рәміздері».
Ескерткіш тақтаның ашылуы
2018 жылғы 1 маусым күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің қызметкерлері атақты жерлесіміз, белгілі мемлекет қайраткері Рамазанов Аманулла Габдулхаевичтың құрметіне ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуына қатысты, минуттық үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Білім алушыларды мәдени ағарту
2018 жылғы 31 мамыр күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің «Медбикелік іс» мамандығы 2 курсының студенттері Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрына қатысып, «Оян қазақ... ойлан қазақ!" атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған спектакльді көріп тамашалады.
Бұқар жырау атындағы мұражайына қатысу
Павлодар медициналық жоғары колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығының 1,2 курс студенттері 31 мамыр күні Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайының саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған көрмесіне қатысты.
Біз 31 мамыр – еліміздегі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні екенін білеміз, қаншама адам қаза болғаны және жазаланғаны құпия болып қалып отыр. Біз, жас ұрпақ оны жадымызда сақтап, ұмытпауымыз қажет.
Көркемсурет мұражайына қатысу
Павлодар медициналық жоғары колледжінің «Лабораториялық диагностика» мамандығының 1 курс студенттері 31 мамыр күні Павлодар облыстық көркемсурет мұражайының саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған көрмесіне қатысты.
Көрме барысында Павлодар облысы мен еліміздің кескіндеме және графика саласындағы суретшілерінің туындыларымен танысты. Біз 31 мамыр – еліміздегі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні екенін білеміз, қаншама адам қаза болғаны және жазаланғаны құпия болып қалып отыр. Біз, жас ұрпақ оны жадымызда сақтап, ұмытпауымыз қажет.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
76
77
78
79
80
81
82
83
84
85
86
87
88
89
90
91
92
93
94
95
96
97
98
99
100
101
102
103
104
105
106
107
108
109
110
111
112
113
114
115
116
117
118
119
120
121
122